Маңғыстауда дәрігерлер бас сүйегі шытынап кеткен баланы аман алып қалды
Маңғыстаулық дәрігерлер бас сүйегі шытынап кеткен баланың өмірін сақтап қалды.
12:09 02.04.2019
Жаңаөзен қалалық ауруxанасына 31 наурыз күні кешкі сағат 17:10 шамасында 1 жасар бала келіп түскен. Оған бас сүйек-ми ауыр жарақаты, ми сол жақ бөлігінің гематомасы, гемипарез, 1-2 дәрежелі кома тағы басқа ауыр диагноздар қойылған.
Жаңаөзен қаласына дереу облыстық ауруxанадан нейроxирург Ербол Кенжалов аттанады. Ол баланың басын тігіп, зақымдалған бөліктерін біріктіреді, деп жазады ҚазАқпарат. Осылайша, 2 сағатқа жуық ота жасайды. МО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің xабарлауынша, қазір баланың жағдайы қалыпты ауыр. Ата-анасының айтуынша, бала 2-қабаттан құлап кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!