{metadescription}
Тоқаев латын әліпбиіне қатысты ұстанымын білдірді

Тоқаев латын әліпбиіне қатысты ұстанымын білдірді

Президенттің айтуынша, әлемдегі ақпараттардың 90 па­йызы латын графикасында жарық көреді.

Қазақстанда латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық Egemen Qazaqstan және Aıqyn газеттеріне берген сұхбатында айтты.

«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байла­ныс­тыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады», - деді мемлекет басшысы.

Тоқаевтың пікірінше, отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдір­шіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік, деп жазады sputnik. Осы тұрғыда, балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет.

«Біз мемлекеттік тілдің мәрте­бесін көтеру бағытындағы жұ­мыс­тарды үздіксіз жалғастыра береміз», - деп атап өтті ол.

Осы орайда президент бүгінде Қазақстан халқы замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отырғанын айтты.

«Көрші мемлекеттердің көп­шілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 па­йызы латын графикасында жарық көреді. Ал ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам. Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз. Бірақ қоғамдық пікір, әліпбиді қолдану бары­сын­дағы артықшылықтар мен олқы­лықтар ескеріледі», - деп түйіндеді Тоқаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.