{metadescription}
Жойқын нокаутқа түскен спортшы көз жұмды

Жойқын нокаутқа түскен спортшы көз жұмды

Оқиға Бразилияның Манаус қаласындағы аралас жекпе-жек турнирі кезінде болған.

Аралас стильдегі MMA жекпе-жегінде жойқын нокаутқа түскен Матеуш Фернандеш бірнеше сағаттан соң көз жұмды. 22 жастағы спортшы жекпе-жегі Remulus Eight турнирін ашқан болатын. Фернандештің қарсыласы бірнеше жойқын соққы жасап, нокаутқа жіберген. Алайда ол төреші жекпе-жекті тоқтатпас бұрын тағы соққы жасап үлгерген.

Жекпе-жектен кейін Фернандеш ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. Спортшының жүрегі тоқтап қалды. MMA Fighting-тің хабарлауынша, спортшы алған соққыдан емес,  есірткіден қайтыс болған. Фернандеш есірткіге тәуелділерге көмек көрсететін бағдарлама бойынша емделіпті.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде