{metadescription}
Павлодар облысында екі көлік жанып кетті

Павлодар облысында екі көлік жанып кетті

Павлодар - Екібастұз тас жолында 1993 жылғы Toyota Previa маркалы темір тұлпар толығымен жанып кетті.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Ленин кентінен 15 шақырым қашықтықта ашық аумақта көлік жанып жатқаны туралы ақпарат кезекшілік бөліміне сағат 14.52-де түсті. Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға № 33 Ленин кентінің өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан үш адам мен бір автоцистерна жұмылдырылды, - дейді департаментте.

Сондай-ақ, бүгін 2-сәуірге қараған түні сағат үште Екібастұз қаласында Мәшһүр Жүсіп көшесінде отқа оранған Toyota Land Cruiser Prado көлігі сөндірілді. 2012 жылғы темір тұлпардың мотор бөлігінде резеңке-техникалық заттар мен жетр метр аумақта салон жанып кеткен. Оқиға орнында Екібастұз қаласы өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан бес адам мен бір автоцистерна жұмыс істеді.

Бұдан басқа, Ақсу қаласына қарасты Қызылжар ауылында № 33 өрт сөндіру бөлімінен 30 шақырым қашықтықта Школьная көшесі, 37/2 мекенжайы бойынша екі пәтерлік, төрт бөлмелі кірпіш үйде ағаш құрылымдар мен 15 шаршы метр аумақта дәліздің төбесі жанған. Адам тұрмайтын бос тұрған үйдің иесі мен  өрттің шығу себебі, келтірілген шығын көлемі анықталуда. Сағат 15.25-те шыққан өртті № 33 жеке құрамнан үш адам мен бір автоцистерна, өрт сөндіру бекетінен төрт адам шамамен бір жарым сағаттың ішінде сөндірді.

Дереккөз: Рavlodarnews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.