{metadescription}
Атырауда мас жүргізуші отбасымен бірге апатқа ұшырады

Атырауда мас жүргізуші отбасымен бірге апатқа ұшырады

Атырау облысында мас жүргізуші жол апатына ұшырады, көлік салонында жүргізушінің балалары болған.

Оқиға наурыздың 29-на қараған түні Атырау қаласында болды.  Атыраудың Полиция департаменті жүргізушінің расыменде ішімдікке мас болғанын растады.

«Оқиға 29 наурыз күні түнде болған. «Toyota Hilux» шағын автобусының жүргізушісі. 1986 жылы туған азамат, Азаттық даңғылымен Балықшы ықшамауданына қарай жол тартыпты. Азаттық даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында микроавтобус «Nissan Maxima» автокөлігімен соқтығысып, бар екпінімен жол жиегінде тұрған көкөніс дүкеніне кіріп кеткен. Жүргізушінің мас екені анықталды», - деді  Атырау облыстық  полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік ішінде жүргізушінің әйелі мен 2012 және 2015 жылы туған екі баласы болған. Төртеуі де ауруханаға жеткізілген. Аталған көлік апатының видеосы әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Видеода көлікте отырған әйелдің жүргізушіден тоқтауын сұрап, жолға қарауын өтінген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде