Түркістан облысында тергеуші асылып өлмек болған азаматты құтқарып қалды
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында тергеуші өмірімен қоштаспақ болған тұрғынды құтқарып қалды.
18:04 02.04.2019
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2 сәуірге қараған түні шамамен сағат 1:30-да болған.
«Қазығұрт АПБ полиция аға лейтенанты, аға тергеуші Серік Түймебаевтың үйіне көршісі күйеуім асылып қалды деп айқайлап жүгіріп келеді. Полиция қызметкері уақыт жоғалтпай шұғыл әрекет ету арқылы жіптен ер азаматты босатып алып, жедел жәрдем көлігі келгенше алғашқы көмекті көрсеткен. Содан кейін тергеуші болған оқиға туралы АПБ кезекші бөліміне хабарлады» делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ер азамат ауруханада, жағдайы қанағаттанарлық. Өз кезегінде полицейлер ер азаматтың суицидке баруының себептерін анықтауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!