Өскеменде автовокзал маңынан адамның бас сүйегі табылды
Адам сүйегінің қалдығы қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанда шыққан.
19:18 02.04.2019
Оқиға орнында полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр. 2 сәуір күні сағат 11:00-де тұрғындардың бірі полицияға Абай даңғыланан адам сүйегінің қалдықтарын тапқанын хабарлаған.
«Адам сүйегінің қалдығы қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанда шыққан. Қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазы.
Оқиға орнындағы кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!