Алматыда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды
Алматыда кісі өлімі үшін өткен жылдан бері іздеуде болған қылмыскер қолға түсті.
10:03 03.04.2019
Алматы қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері адам өлтірді деген күдікпен бірнеше ай бойы іздеуде болған ер адамды ұстады. Қылмыс 2018 жылдың желтоқсанында жасалған. 28 жастағы Алматы тұрғыны жанжал кезінде қарсыласын атып өлтіріп, полиция қызметкерлері келгенге дейін қылмыс орнынан қашып кеткен.
«Тергеу барысында анықталғандай, күдікті қылмысты бұзақылық пиғылмен жеке бас араздығына байланысты жасаған. Полиция қызметінің бірлескен жұмысының арқасында қашқын ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!