Мамыр айындағы демалыс күндерінің бірі кейін шегерілді
2019 жылдың мамыр айындағы демалыстар күнтізбесіне үкіметтің 2018 жылдың 26 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес өзгерту енгізілген.
13:08 03.04.2019
Қазақстандықтар 2019 жылы қанша күн демалады?
«2015 жылдың 23 қарашасынан күшіне енген Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан үкіметі 2019 жылдың 4 мамыры – сенбі күнгі демалысты 2019 жылдың 10 мамырына ауыстыруға қаулы шығарды», — делінген еліміздің нормативтік-құқықтық актілерінің Ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланған құжатта.
Осылайша Жеңіс күні – 9 мамырдан бастап қатарынан төрт күн (9-12 мамыр) демалыс беріледі, 2019 жылдың 4 мамыры, сенбі – жұмыс күні. Сондай-ақ қазақстандықтар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (сәрсенбі) мен 7 мамыр – Отан қорғаушы күнінде (сейсенбі) қосымша демалыс алады. Жалпы алғанда мамырдағы 31 күннің 11-і демалыс болады.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!