Қостанайда 30 жастағы ер адам ата-анасымен ренжіскен соң шатырдан секірмек болған
30 жастағы ер адам 2 сәуір күні сағат 15:06-да Құдарбердіұлы көшесіндегі 5-қабатты үйдің шатыранан секірмек болған.
13:40 03.04.2019
Қостанайда 30 жастағы ер адам ата-анасымен ренжіскен соң шатырдан секірмек болған. Оқиға орнына бірінші боп полиция сержанты Нұрсұлтан Кенжебеков, полиция капитаны Абзал Исин және полиция сержаны Саят Қожахметов пен Нұрсұлтан Жұмағалиев жетті.
1 сағат бойы ер адамды райынан қайтаруға тырысып, құтқарып қалған, деп жазады sn.kz. Өзін өлтірмек болған тұрғынның ата-анасымен арасында кикілжің болғаны анықталды. Полицейлер жедел жәрдем қызметіне тұрғынның өзін өлтірмек болғанын хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!