61 жастағы әйел гей ұлына бала туып берді
АҚШ-тың Омаха қаласының тұрғыны өзінің гей ұлы үшін суррогат ана болды.
01:03 04.04.2019
2018 жылы Мэттью Эледж пен Эллиот Догерти сәбилі болуды ұйғарған. Догертидің әпкесі экстракорпоральді ұрықтандыру процедурасы үшін өщінің аналық жасушасын ұсыныпты.
«Небраска – консервативті штат. Біз агенттікке жүгінуге қорықтық. Себебі гей ерлі-зайыптыға деген көзқарасы қандай болатынын білмедік», - дейді Мэтью.
Артынша Мэттьюдің 61 жастағы анасы Сесиль оған көмектесетінін айтыпты.
«Мен күмәнданған да жоқпын. Мұндай маңызды нәрсеге қатысатыныма қатты қуандым», - дейді Сесиль.
Әйел ЭКҰ алдында тиісті дайындықтан өтіп, жүктілігі сәтті өтті. ол 25 наурызда қыз баланы дүниеге әкелді. Нәрестеге Ума Луиз деген есім берген.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!