{metadescription}
Қызылордалық шахматшы Азия чемпионы атанды

Қызылордалық шахматшы Азия чемпионы атанды

Шри-Ланка мемлекетінің Вакадува қаласында шахматтан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде қызылордалық Назерке Нұрғали Азия чемпионы атанды.  

Назерке 16 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид түрінен ел намысын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нәтижесінде алтыннан алқа тағып, жанкүйер сенімін ақтады. Қызылордалық шахматшы осылайша екінші мəрте Азия чемпионы атанып отыр.

Соңғы жылдарда ол халықаралық жарыста ел намысын абыроймен қорғап келеді. 2016 жылы Моңғолиядағы Азия чемпионатында 12 жасқа дейінгі қыздар арасында алтын медаль алды. 2017 жылы Румынияда 13 жасқа дейінгі Əлем чемпионатында күміс жүлдегер атанса, 2018 жылы Албанияда 15 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы болды.

Биыл Назерке классика, рапидтен (16 жасқа дейінгілер) жəне блицтен (20 жасқа дейінгілер) ел чемпионы атағын жеңіп алды. Ол № 1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Бапкері - Василий Шмелков.  


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде