{metadescription}
Белгілі режиссер Георгий Данелия өмірден өтті

Белгілі режиссер Георгий Данелия өмірден өтті

Бейсенбі, 4 ақпан күні 88 жастағы белгілі режиссер Георгий Данелия қайтыс болды.

Бұл туралы агенттік өкілдеріне режиссердің әйелі Галина Данелия хабарлаған.

«Георгий Николаевич Данелияның қазір ғана жүрегі тоқтап, өмірден озды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін барын салып еді», - дейді Г. Данелия.

Ақпан айының соңында оны өкпенің қабынуы салдарынан жедел түрде ауруханаға жатқызған. Соңғы күндері режиссердің жағдайы күрт нашарлап кеткен.

Георгий Данелияның фильмдері кеңестік кезеңде асқан танымалдылыққа ие болған. "Афоня", "Я шагаю по Москве", "Джентльмены удачи", "Осенний марафон", "Мимино" және "Кин-дза-дза" секілді кино туындылар көрермендердің жүрегін жаулады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде