Алматыда автокөлік полиция бекетін соқты
Алматыда Toyota Carina көлігі полиция экопостын қағып кетті.
11:43 05.04.2019
Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады. Жол көлік оқиғасы сәуірдің 4-нен 5-не қараған түні болған деп хабарланды.
«Алматы әуежайына баратын Бұқтырма көшесінде экологиялық посттың тұғырына Тойота Карина Е көлігі соғылған. 34 жастағы жүргізуші көлік рөлінен айрылып қалған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Жүргізуші ішімдік ішпеген», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазіргі уақытта Түрксіб аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімшесі бұл істі тексеріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!