Танымал актер қойылымда қолын сындырып алды
Зардап шеккен актер спектакль аяқталмастан сахнадан кетуге мәжбүр болған.
15:25 05.04.2019
Ресейлік театр және кино актері Виктор Сухоруков Мәскеу қалалық кеңесі атындағы театр сахнасында спектакль қойып жатып, қолын сындырды. Әртіс ауыр жарақат алып қалғандықтан, қойылымды мерзімінен бұрын аяқтауға тура келді.
Спектакль кезінде актер сахнада төселген кілемнен аттай бергенде, шалынып құлап түседі. Ол қолын сындырып алғанын әріптестеріне бірден айтқан. Бір минуттан соң шымылдық жабылып, Сухоруковты сахнадан алып кетті.
Спектакльге қатысқан актер Андрей Шарков көрермендерден кешірім сұрап, Виктор Сухоруков жарақат алып қалғандықтан, қойылымды әрі қарай жалғастыру мүмкін емес екенін айтқан. Театрдағылар да Сухоруковтың қолын сындырғанын растады.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!