Демалыс күндері жауын-шашын болып, бұршақ жаууы ықтимал
Синоптиктер 2019 жылғы 6-8 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.
17:43 05.04.2019
Шығысқа қарай жылжып келе жатқан суық ауа ағыны жауын-шашын алып келеді, кей жерлерде көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Оның әсері әсіресе Қазақстанның орталығы мен шығысына көбірек тиеді. Республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерге ұласуы мүмкін.
Найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал, таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі бар. Оның артынан жылжып келетін антициклонға байланысты, Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашын тоқтап, бүкіл республика аумағында ауа температурасы климаттық нормаға дейін төмендейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!