Талдықорғанда студенттерді тонаған ер адам ұсталды
Талдықорғанда кәмелетке толмаған студенттерді қорқытып, бағалы заттарын күштеп тартып алумен айналысып жүрген 25 жастағы азамат ұсталды.
11:31 06.04.2019
Күдіктіні тексере келе оның бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Құқық бұзушы облыс орталығына жақын орналасқан Қаратал ауданының азаматы болып шықты. Күдікті еш жерде жұмыс істемеген. Қазіргі таңда анықталғаны ол қаладағы екі колледжде бес студенттің қымбат ұялы телефондарын тартып алған. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары күдіктіні қалалық полиция бөліміне қамауға алды. Қазіргі таңда сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!