Елдос Сметов Хоххоттағы Гран-при турнирінде жеңімпаз атанды
Қазақстандық Елдос Сметов Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алтын жүлдегері атанды.
12:35 06.04.2019
Жарыстың алғашқы күнінде татамиге 60 келідегі Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев, 66 келідегі Елдос Жұмақанов шықты. 2015 жылғы әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Хоххоттағы турнирде алдымен ресейлік Роберт Мшиводабадзені «иппон» әдісімен жеңсе, келесі айналымда жапондық Юма Ошиманы «ваззари» ұпайымен тізе бүктірді.
Ал жартылай финалда Сметов бразилиялық жас талант Фелипе Пелимнен есе қайтарды. Естеріңізде болса, Дюссельдорфта өткен Гран-при турнирінде жерлесіміз Фелипеден ұтылып қалған еді.
Қазақстандық спортшы 60 кг салмақта финалда өзбекстандық Кемран Нуриллаевпен белдесті. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Е.Сметовтің жас қарсыласына қарағанда, тәжірибесі мол еді. Белдесу барысында оңтайлы әдіс қолданған Е.Сметов вазари ұпайын алып үлгерді. Содан кейін көп ұзамай таза жеңіске жетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!