{metadescription}
Радиожүргізушілерін тікелей эфир кезінде тонап кетті

Радиожүргізушілерін тікелей эфир кезінде тонап кетті

Бразилияның Сан-Паулу қаласында SOT интернет-радиосының жүргізушілерін тікелей эфир кезінде тонап кетті.


Студияға баса көктеп кірген ұрылар жүргізушілер мен қонақтардың барлық құнды заттарын қолды қылған. Бес ұры барлық қызметкерлер мен қонақтарды студияға жинап, олардың смартфондарын, сағаттарын, әмияндары мен әшекейлерін сыпырып алған.

«Олар сыйлықтар алып келдік деген болатын, біз сыйлықтар алуға үйренгендіктен, есікті бірден аштым. Олар кіріп, басыма тапанша тақады», - дейді Бразилиядағы радио станциясының директоры Алессандро Сантос.

Қарақшылық әрекет әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілген.

Кенеттен бір қонақ ауырып, тонаушы оған: «қобалжымаңыз, ештеңе болмайды», - деп айтқан.

Полицияның айтуынша, бейнежазба арқасында олар шабуылдаушылардың бірін анықтай алды. Оған іздеу салынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде