Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек өзінің кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек қытайлық Чен Хунтаоны жеңіп, кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді.
14:34 06.04.2019
Қазақстандық боксшы қарсыласын бесінші кезеңде нокаутқа жіберді. Осылайша, 22 жастағы Зауырбек кәсіби рингтегі алты жеңісінің төртіншісін мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл 28 жастағы Таоның алтыншы жеңілісі болды. Сондай-ақ, оның еншісінде жеті жеңіс пен бір тең ойын бар.
22 жастағы Заурбек (5-0, 3КО) танымал МТК Global промоутерлік компанияның өкілі. Ол алтыншы жекпе-жегін БАӘ-де қытайлық Чен Хунтаоге (7-5-1, 5КО) қарсы өткізіп, бесінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Еске сала кетейік, 23 ақпанда Сұлтан Зауырбек Лондондағы York Hall аренасында екінші орта салмақтағы болгар боксшысы Любена Тодоровке (6-4, 2 КО) қарсы жұдырықтасып, оны да нокутпен жеңген болатын. Айта кететін жайт, Сұлтан Зауырбек - 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!