Марат Қожаев ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды
Ішкі істер министрлігіне жаңа орынбасар тағайындалды.
15:12 06.04.2019
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ішкі істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындалу туралы Жарлыққа қол қойды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкімімен Марат Қожаев Шадеханұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, ал Махамбет Хайразұлы Абисатов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Президент үкімімен Жанат Сүлейменов ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған Марат Қожаев Шадеханұлы Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшысы қызметін атқарған болатын. Махамбет Хайразұлы Абисатов Түрлі жылдары ішкі істер органдарында, Мемлекеттік тергеу комитетінде және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!