{metadescription}
Оралда тұрғын үй өртеніп, 50-ге жуық адам эвакуацияланды

Оралда тұрғын үй өртеніп, 50-ге жуық адам эвакуацияланды

Оралда тұрғын үйдегі өрттен 48 адам эвакуацияланды, соның жетеуі - балалар.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 23.50-де Гагарин көшесі 2/8 мекенжайында орналасқан 9 қабатты үйде орын алды. Осы үйдің 6-қабатындағы 25-пәтерде жеке заттар мен терезе жақтауы жанған. Өрт сөндірушілер 34 адамды (жетеуі - балалар) сыртқа шығарған. 14 адамды құтқарушылар эвакуациялаған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өрт бүгін түнгі сағат 00.20-да сөндірілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Маңғыстауда жазасын өтеушінің ішегінен скальпель алынғанын жазған болатынбыз. Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері түрмеде жазасын өтеушінің аш ішегінен скальпельді алған.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде