{metadescription}
Қылмыскер өлер алдында өзі өлтірген қыздың басын қайда тастағанын айтқан

Қылмыскер өлер алдында өзі өлтірген қыздың басын қайда тастағанын айтқан

Оның мүшеленген мәйіті кейін даладан табылған.

1993 жылы Джейсон Месси 13 жастағы жасөспірім қызды өлтірген.  Бірақ қылмыскер қыздың басын қайда тастағанын өлім жазасына кесілер алдында бірер минут бұрын ғана айтқан.

Джейсон Месси Чарльза Мэнсонның ізін қуып, сериялық кісі өлтіруші болғысы келген. Ол 9 жасында мысықты өлтіріп, кейін жануарларды өлтіріп, олардың сүйектерін трофей ретінде жинай бастаған. 1993 жылы ол 13  жастағы Кристина мен оның бір жас үлкен туысқан ағасы Бенджаминді атқан. Балалардың мәйіті даладан табылған.

Ол қызды мүшелеп, басын, қолдарын кесіп алған. Ол 1994 жылы өлім жазасына кесілген. Үкім 2001 жылы орындалған. Өлім инъекциясын күтіп жатқан кезінде ғана ол кінәсін мойындап, кешірім сұраған. Сол кезде ғана қыздың басы мен қолын Тринити өзеніне лақтырып жібергенін айтқан.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде