{metadescription}
Алматының базарында саудагерлер жаппай төбелесті

Алматының базарында саудагерлер жаппай төбелесті

Оқиға куәгері тапа-тас түсте бір біріне жұдырық ала жүгіріп, тепкілескен ер адамдардың төбелесін видеоға түсіріп, желіге жариялады.

Алматыда Алатау ауданындағы базарлардың бірінде жаппай төбелес болды. Екі топқа бөлініп төбелескен жігіттерді ажыратуға жол-патрульдік полиция қызметкерлері келген. Алматының киім базарларының бірінде аяқ киім сататын бір топ ер адамның арасында төбелес шықты, оқиғаны куәгерлер видеоға түсірген. Полицияның хабарлауынша, базарда орын алған қақтығыс бұл сатушылар арасындағы ақша қарызынан басталған.

 «Алдымен ерегіскен,  кейін төбелес шыққан. Жол-патрульдік полиция экипажы төбелесушілерді ажыратып, мән-жайды анықтау үшін оларды  аудандық полиция басқармасына жеткізді», - деп түсіндірді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, қазір полиция жанжалдың неден туындағанын ғана емес, төбелесті кім арандатқанын анықтап жатыр. Оның ең белсенді қатысушылары Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде