Жүкті әйелін зорлай алмағанына ызаланған еркек жантүршігерлік қылмыс жасады
Сарапшылар марқұмның құрсағында бала бар екенін анықтады, ол жүктіліктің екінші айында болған.
10:32 07.04.2019
Қырғызстанда жүкті әйелін өлтірген еркек сотталып жатыр. Олар сонау 90-шы жылдардың басында үйленген, көп ұзамай отбасында қыз бала дүниеге келеді. Кейін дәм-тұзы жараспай, ажырасқаннан соң тек 25 жылдан кейін кездескен. Бұрынғы ерлі-зайыпты бәрін қайта бастауға шешім қабылдаған. Бір күні олар ұрсысып қалып, еркек әйелін зорламақ болады. Бірақ ойындағысын іске асыра алмаған, содан оны өлтіріп, мәйітін далаға тастап кеткен... Кейінірек сарапшылар марқұмның құрсағында бала бар екенін анықтайды, ол жүктіліктің екінші айында болған.
Сотта қанышер кінәсін мойындамады, ол мас болғанын және ештеңені есіне түсіре алмағанын мәлімдеді , деп жазады sputniknews.kz. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 10 жылға сотталып, марқұмның туыстарына 100 мың сом төлеуге міндеттелуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!