Ысырапшыл қазақтарға садақаның ас мәзірі ұсынылды
Атырау облысында тым ысырапшыл мұсылмандарға садақаға арналған дастархан мәзірі құрастырылды.
11:37 07.04.2019
"Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров садақа тағамдарының тізімін қала тұрғындарына таратып берген. Имам бұл іс-әрекетін соңғы уақытта ас беру тым еркін және ысырап болатындай даңғазалықпен өткізіліп жатқанын атап өтіп, бұрындары бұл рәсімді мәжбүр болғандықтан ғана өткізетіндігін түсіндірді.
Сондай-ақ Атырау облысының бас имамы бұл хабарландыруды барынша халық арасында кең тарту керек екендігін айтып отыр. Өйткені, соңғы уақыттарда атыраулықтар садақа беру үшінде аса көп ырыпшылдыққа берілетіндігін байқаған.
Айта керту керек, Атырау облысының қоғамдық кеңестерінің бірінде бұған дейін де дастархан мәзіріне қатысты жиналыстар өткізілген. Имам ұсынған ас мәзірінде: қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ, талқан, жеті шелпек, құрма, өрік, қаймақ, сары май және күріштен болатын ыстық тағамдар келтіріліген. Имам Мансұровпен православие қауымы да келісіп отыр.
Успен шіркеуінің қызметшісі Михаил Соколов: "дастарханда тек қана қажетті азық-түліктер болуы керек, аса сәнді деликатестер емес",- деп мәлімдеді.
Ислам Қазақстанның негізгі діні болып табылады. Халық санының 70 пайызын мұсылмандар құрайды.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!