Алматыда нөсер жауыннан талдар құлап, қозғалыс қиындап кетті
Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 6 сәуірде қаланың бірнеше бөлігінде қозғалыс қиындап, көліктерге ағаш құлаған.
13:25 07.04.2019
Әлеуметтік желіде тараған видеоларда арықтардың суға толып, көшелерді басқаны көрінеді. Кейбір жерлерде көліктер батпаққа батып, қозғала алмай қалған. Жергілікті биліктің сенбі күні таратқан хабарламасында жауын-шашын маусымына байланысты "Алматы қаласында 5 сәуірден бастап тәулік бойы жұмыс істейтін кезекшілік ұйымдастырылғаны" жазылған.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, судың кедергісіз өтуі мен су сорғызу жұмыстарына 500-ге жуық адам, 132 техника, 25 мотопомп жұмылдырылған. Ауа райы мамандары 6 сәуір кешке жаңбыр тоқтайтынын айтып отыр. Жексенбі, 7 сәуірде жаңбыр жаумайды дейді. Қалада жаңбыр көп жауған сайын осыған ұқсас жағдай болып тұрады.
Дереккөз: Азаттық
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!