{metadescription}
Қазақстандық жас гимнастшылар Сингапурда 7 медаль еншіледі

Қазақстандық жас гимнастшылар Сингапурда 7 медаль еншіледі

Қазақстандық жас спортшылар топтық эстетикалық гимнастикадан Aesthetic Group Gymnastics World Cup II & Challenge Cup II 2019 Singapore халықаралық жарысында жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Байрақты бәсекеге 10 елдің спортшылары қатысты: Қазақстан, Аустралия, Малайзия, Сингапур, АҚШ, Канада, Таиланд, Жаңа Зеландия, Тайвань және Жапония. Еліміздің намысын Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда қалаларынан барлығы 7 команда (59 қатысушы, 5 бапкер және 2 төреші) қорғады. Нәтижесінде ел қоржынына үш алтын, екі күміс және екі қола медаль түсті. Атап айтқанда, "Юниорлар" санатында бірінші орынды "Кербез" балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі (Алматы) алды.

Сондай-ақ, "8-10 жас" санатында алтын жүлде "Көркем" (Нұр-Сұлтан) командасына бұйырды. Күміс медальді "Космос" (Нұр-Сұлтан), "Талисман" (Нұр-Сұлтан), қола медальді "Сейхун 2" (Қызылорда) командалары еншіледі. "10-12 жас" категориясында бірінші орынды "Изумруд" (Нұр-Сұлтан), екінші орынды "Космос" (Нұр-Сұлтан) командалары алды. Ал "Сейхун 2" командасы "12-14 жас" санатында үшінші орынға табан тіреді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде