{metadescription}
0:000:00

Петропавлда болған өрттен 9 жасар қызды аман алып шықты

Петропавлда 9 қабатты үйден өрт шықты.

Баян көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққаны жайлы хабар төтеншеліктерге 7 сәуір күні сағат 15:34-те түскен. 

«Қызыл жалын жоғарғы қабаттың балконынан шыққан. Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метр. 2010 жылғы қыз бала құтқарылды. 37 адам эвакуацияланды. Олардың 8-і балалар. Өрт сағат 16:11-де толық өшірілді», - деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Өрт сөндіруге 19 өрт сөндіруші мен, 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Еске салайық. Петропавл қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт болғанын хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде