ШҚО-да жолаушылар пойызы мен автокөлік соқтығысты
Шығыс Қазақстанның Серебрянск қаласында жолаушы тасымалдайтын пойыз құрамының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
12:00 08.04.2019
Куәгерлердің айтуынша, 7 сәуір күні Серебрянсктегі темір жол өтпелдерінің бірінде пойыз жеңіл автокөлікпен қақтығысқан. Желіде тараған видеожазбадан көліктің құрамның таяп қалғанына қарамастан жолды кесіп өтпек болғаны, бірақ үлгере алмай қалғанын көруге болады.
Желі қолданушыларының сөзінше, пойыз көлікті біраз жерге дейін сүйреп әкеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі аман қалғанымен бірқатар жарақаттар алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!