{metadescription}
Аурухана әкімшілігі босанған әйелдерді жасырын түрде камераға түсіріп келген

Аурухана әкімшілігі босанған әйелдерді жасырын түрде камераға түсіріп келген

Калифорния штатының, Ла-Меса қаласының ондаған әйелдері аурухана үстінен арыз жазған.

Американың Калифорния штатында он шақты келіншек өздері босанған аурухана әкімшілігін сотқа берді. Деректер бойынша, әйелдер медициналық мекемені босану мен басқа да ота кезінде рұқсатсыз жасырын камераға түсіргені үшін айыптып отыр. Аурухана әкімшілігі олардың рұқсатынсыз босанған кездерінде жасырын камераға түсірген. Бұл 81  емделушінің наразылығын тудырды.

Аурухана өкілдері 2012-2013 жылдары үш палатада жасырын камера орнатқандарын мойындаған. Олар осылайша анестезия үшін пайдаланылатын күшті әсер ететін есіртке заттарын кімнің ұрлап жүргенін анықтамақ болыпты. Осы уақыт аралығында жасырын камераларға 1800 процедура түсірілген.  Нәтижесінде, мекеме өкілі емделушілер алдында кешірім сұраған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде