Бөгет жарылып, қаза тапқандар саны 224 адамға жетті
Минас-Жерайс штатындағы бөгет жарылысы салдарынан хабар-ошарсыз жоғалған адамдар саны 69-ға жеткен.
14:46 08.04.2019
Бразиляның Минас-Жерайс штатында бөгет жарылып, қаза тапқандар саны 224 адамға жетті. Бөгет жарылысы қаңтар айында жарылған болатын. Бірақ, 69 адамның тағдыры әлі де белгісіз қалып отыр.
Металлургиялық өнеркәсіп қалддықтары тұрған плотина Vale компаниясының әкімшілік ғимараттары мен тұрғындардың үйлерін басып кеткен. Vale компаниясы бөгеттің қауіпті жағдайда тұрғанын 2018 жылдың қазанында білген.
Еске сала кетейік, Петропавл қаласында тоғыз қабатты тұрғын үй өртеніп, 37 адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!