{metadescription}
Арман Жұмабеков ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары атанды

Арман Жұмабеков ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары атанды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

«ҚР үкіметінің қаулысымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінеді хабарламада. 

Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы бастаған. 

Түрлі жылдары мемлекеттік кірістер министрлігінің құрылымында, ҚР премьер-министрі кеңсесінде, Президент әкімшілігінде, сондай-ақ, коммерциялық секторда жұмыс істеген. 2018 жылғы мамырдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін ҚР ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде