{metadescription}
Рудный қаласында 5 мың құс өртеніп кетті

Рудный қаласында 5 мың құс өртеніп кетті

Рудный қаласындағы құс фабрикасында өрт шықты.

Бүгін таңғы сағат 5.11-де Рудный қалалық өртке қарсы қызмет бөліміне «Жас қанат-2006» ЖШС құс фабрикасында өрт болып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Былтыр салынған 1 қабатты нысан тілсіз жау құрсауында қалған. 

«Өрт 110 шаршы метр аумақты шарпыды. Салдарынан 5126 бас құс жанып кетті, сондай-ақ нысанның жабдықтарына залал тиді. Материалдық шығын анықталып жатыр. Адамдар зардап шеккен жоқ», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Алдын ала болжам бойынша, өртке электр желілерінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде