{metadescription}
Шымкентте 11 айлық сәби ваннаға тұншығып қалды

Шымкентте 11 айлық сәби ваннаға тұншығып қалды

Шымкентте жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері  ваннаға батып кеткен 11 айлық баланы құтқарып қалды.

Шымкент ауруханасынан 11 айлық сәби шығарылды. Ол балаларға арналған ваннада шомылып жатып өліп қала жаздаған. Жергілікті тұрғындардың бірі жедел жәрдемге қоңырау шалып, көмек сұрапты. Шомылдырып жатқан кезде сәбиінің шашалып қалғанын айтқан. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы сәбидің тыныс алмай жатқанын көреді. Сәбидің тірі екенінің белгілері байқалмапты.

Дәрігерлер бірден реанимациялық шараларды жасауға кірісіп, баланың өкпесін судан тазартып, жасанды тыныс алдыру әрекетін жасапты. Арада 3 минут өткеннен кейін сәбидің жүрек соғысы пайда болып, тынысы қалпына келген. 

Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, анасы баласын шомылдыру кезінде құлап кеткен. Сәби көп мөлшерде  су жұтып қойып, демала алмай қалған. Болмаған соң анасы жедел жәрдем қызметін шақырған. Артынша сәби анасымен бірге қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Мұнда сәби бірнеше күн бойы ем алыпты. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты. Сондықтан үйіне жіберілген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.