{metadescription}
Мектеп түлектері емтихан тапсырмайтын болды

Мектеп түлектері емтихан тапсырмайтын болды

Грузия Парламенті елдің жалпы білім беретін мектептерінде қорытынды емтихандарды алып тастауды көздейтін «Жалпы білім беру туралы» заңға түзетулерді мақұлдады.

Грузияда мектеп түлектері емтихан тапсырмайтын болды. Грузиялық мектеп оқушылары 11 және 12 сыныптарда қорытынды емтихандар тапсырған болса, қазіргі таңда орта мектептің дипломын алу үшін түлектер барлық пәндер бойынша 10 балдық жүйе бойынша 5 ұпайдан жоғары баға алуы керек.

Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылының басталуына дейін жалпы білім берудің орташа деңгейін меңгерген, бірақ қорытынды емтиханға қатыспаған оқушылар мектеп емтихандарынан босатылады. Грузияның Білім министрлігі қорытынды емтихандарды жою білім беру жүйесінде мектептің рөлін күшейтетіндігін айтты, деп жазады ҚазАқпарат. Оқу барысында емтиханға емес, оқуға көбірек көңіл бөлуді қамтамасыз ету үшін осындай шаралар қабылданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде