Түркістан облысында жас жігіт сүйіктісін суға батырып өлтірген
Түркістан облысының тұрғыны қызғаныш салдарынан өзінің жүріп жүрген қызын суға батырып өлтірген.
10:36 09.04.2019
Анықталғандай, Сайрам ауданының 22 жастағы тұрғыны бір жылға жуық уақыттан бері 20 жастағы танысымен кездесіп жүреді. Алайда материалдық жағдайына байланысты үйленуге мүмкіндігі болмаған. Сондықтан сүйіктісіне табыс табу үшін елдің солтүстігіне көшуді ұсыныпты.
Алайда сүйіктісі біраз уақыт нақты жауап бере алмай жүрген. Ауылдың шетіндегі келесі кездесуде жас жігіт қыздан тағы сұраған, алайда нақты жауабын алмаған ол қыздың біреуі бар деп күдіктенген. Осыдан кейін жас жігіт ашуланып, қызғанышқа бой алдырып, қызды тұншықтыруға кіріскен. Артынша екеуі сол жерде ағып жатқан арыққа құлап кеткен. Осыны пайдаланған жігіт сүйіктісін суға батырып өлтіріпті.
Сол күні қыздың денесі арнада табылды. Бастапқыда ол суға құлап, батып кетті деп топшыланған. Алайда оның мойнындағы іздер қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуіне себеп болды. Артынша күдікті ұсталып, жас жігіт жасаған қылмысын мойындады. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, ең жоғарғы қауіпсіздік колониясында 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!