Twitter-дің негізін қалаушы 2018 жылы 1,4 доллар жалақы алды
Twitter компаниясының бас директоры Джек Дорсидің 2018 жылғы жалақысы 1,4 АҚШ долларын құрады.
12:02 09.04.2019
Агенттіктің мәліметінше, Дорси төрт жыл бұрын лауазымына қайтып келгеннен кейін алғашқы жалақысын алды. 2015, 2016 және 2017 жылдары «компанияның ұзақмерзімді әлеуеті мен құндылықтарына деген сенімге» ынталана отырып, ол ақшалай сыйақылардан өз еркімен бас тартып келген. Дүйсенбі күнгі компанияның құжаттамасында жарияланған бұл сома аттас әлеуметтік желідегі 2006 жылы бекітілген хабарламаларға арналған таңбалардың санымен (140 таңба) тең келеді.
Бұл лимит 2017 жылы екі рет көтеріліп, 280 таңбаны құрады. Джек Патрик Дорси - америкалық кәсіпкер, Twitter және Square сияқты компаниялардың құрушысы. Forbes журналының 2019 жылдың қаңтар айындағы рейтингінде оның байлығы 5,5 миллиард долларға бағаланған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!