{metadescription}
Семейде 13 жастағы бала сатушыны 50 теңге үшін пышақтап кетті

Семейде 13 жастағы бала сатушыны 50 теңге үшін пышақтап кетті

Семейде 50 теңгеге ештеңе сатып ала алмаған 13 жастағы бала дүкен қызметкерін пышақтады.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жасөспірім сабақтан кейін дүкенге еніп, 50 теңгеге не сатып алуға болатынын сұраған. Оған сатушының жауабы ұнамағандықтан пышаққа жармасып, сатушыға шабуылдапты. Бірнеше жарақат салған екен. Сондай-ақ кассадағы ақшаны қалтасына басып, із суытқан. Ол арада екі сағат өткенде ұсталады.

Тәртіп сақшылары күдіктінің балалар колониясына жатқызылмайтынын айтады. Себебі 14 жасқа толмаған. Әзірге ештеңе мәлім емес. Тексеру жүргізілуде. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мән-жайды анықтау үстінде.

Дереккөз: altaynews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде