{metadescription}
Тоқаев: Сайлаудың таза, ашық, әділ өтетініне кепілдік беремін

Тоқаев: Сайлаудың таза, ашық, әділ өтетініне кепілдік беремін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың маусым айында Қазақстанда өтетін кезектен тыс сайлауды әділ өткізуге кепілдік берді. 

Бұл туралы Мемлекет басшысы республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеуінде мәлімдеді. 

«Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне, әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін. Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек», - деді Президент. 

Оның айтуынша, мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет.  

«Қазақстан - демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады.  Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл - менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге  сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.