{metadescription}
Нұр-Сұлтан көшелерін сусабынмен жуып жатыр

Нұр-Сұлтан көшелерін сусабынмен жуып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының көшелерін тазалауда жаңа әдіс пайдалануға енгізілген.

Бұл туралы елорда әкімі Бақыт Сұлтанов хабарлайды.

«Бүгін Елорданың жол тазалау қызметінде жаңа әдісті қолдануды бастадық. Коммуналдық қызметтер алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш құрал - сусабынмен жуа бастады. Оны қолдану асфальтті тайғаққа қарсы материалдардың қалдықтарынан, ескірген жапқыштардан, мұнай қалдықтарынан және қыс мезгілінде пайда болған май дақтарынан тазартуға ықпал етеді. Қарапайым сумен мұны тазарту мүмкін емес. Ал бізге жол белгілерін салу алдында көшелерді мұқият жуу өте маңызды», - деп жазды қала әкімі Facebook парақшасында. 

Коммуналдық қызметтердің аталмыш шампуньді пайдалануы жол сапасын және жүргізушілердің қауіпсіздігін жақсартуға өз септігін тигізеді. Жуғыш зат ешқандай зиянды заттектерді бөлмейді, себебі бұл шампунь қоршаған ортаға зиянсыз. 

«Алдағы уақытта коммуналдық қызметтердің алдында көптеген жұмыс бар. Қажет болса көшелер күн сайын тазартылатын болады», - деп жазды Бақыт Сұлтанов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде