Дариға Назарбаевa президенттік сайлауға түспейді
Сенат төрағасы Дариға Назарбаева ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде қатыспайды.
15:05 09.04.2019
Бұл жайында Сенат спикерінің көмекшісі Сәуле Мұстафаева айтты.
«Жоқ, Дариға Нұрсұлтанқызы сайлауға түспейді», - деді ол.
Еске салайық, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдап, онда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігін жариялаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!