Тоқаев сайлауға қатыса ма: Президенттің баспасөз хатшысының жауабы
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы кезектен тыс президент сайлауына түсуіне қатысты пікір білдірді.
17:27 09.04.2019
«Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Президенттікке үмкіткерлерді ұсыну құқығы республикалық қоғамдық бірлестіктерге, соның ішінде саяси партияларға тиесілі. Осыған байланысты, Президент сайлауына кандидат ретінде қатысу туралы шешімді республикалық қоғамдық бірлестік (саяси партия) жоғары органы (съезд) қабылдайды», - деді Берік Құрманғали.
Осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған үндеуінде Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтетінін мәлімдеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!