{metadescription}
Төтенше жағдайлар комитеті су басу қаупі бар ауылдарды атады

Төтенше жағдайлар комитеті су басу қаупі бар ауылдарды атады

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті су басу қаупі жоғары ауылдарды атады. 

Ресми мәліметке сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Бесқарай ауданындағы Кривинка ауылында 84 үйді су басуы мүмкін. Себебі, бүгінде Ертістің бойында үлкен мұз кептелісі пайда болды. Ал Шүлбі су қоймасынан суды көптеп жіберіп жатыр. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің сөзіне қарағанда, ол су мұзды ары қарай итеруі керек, я болмаса жағаға шығарып тастайды. Бірақ ұсақ мұздар бөгет сияқты суды ұстап қалады. Соның салдарынан су өзеннің алқабына жайылуы мүмкін. Ал Кривинка ауылы өзенге жақын орналасқан.

«Осы елді мекенге жақын жерде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Бірақ біз дронмен түсіріп шықтық. Содан мұздың көп жиналғанын байқауға болады. Бұның бәрі суды ұстап, оның өзен алқабына жайылуына себеп болады», - деді В.Беккер елордада өткен баспасөз мәслиxатында.

Бүгінде Кривинка ауылының айналасына ұзындығы - 900 метр, ал биіктігі - 1-1,5 метр болатын үйінділер жасап қойды. Жалпы, аталған елді мекенде 128 үй бар. Халық саны - 484 адам. 

Ал Ақмола облысында Целиноград ауданына қарасты Қаражар ауылының 15 үйін су басу қаупі бар. Бүгінде ол жерде де арнайы үйінділер жасалды. Аталған ауылда 650 үй бар. Барлығы 5 000 адам тұрады. Бұдан бөлек, Сандықтау ауылын су басу қаупі бар.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте комитет басшысы елордаға жақын Қосшы ауылындағы ауыз су мәселесін түсіндірді. Комитет басшысы Қазгидрометтің алдағы болжамына алаңдап отырғанын да жасырмады. Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысына төтенше жағдайға дайын болуға кеңес беріп отыр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде