Алматыда 2 ай бұрын жоғалған қыздың денесі арнадан табылды
Жоғалып кеткен Анастасия Галеева Алматы облысындағы каналдан табылды.
15:01 10.04.2019
"Қызымның денесін бүгін арнадан таптық. Ол жерді бұрын да іздегенбіз. Әпкем қызымның денесін қарап, оны таныды. Қазір мен Талғар қаласының полиция бөлімшесіне барам", - деді Анастасияның әкесі Эдуард Галеев.
Ақпан айында бойжеткеннің жоғалып кеткені хабарланды. Анастасия 9 ақпанда Гете көшесіндегі үйден сағат 16:34-те шығып, "Жаңа Қуат" ықшамауданындағы құрбысына кеткен. Жоғалған қыздың жақындарының айтуынша, іске қыздың достарының қатысы бар болуы мүмкін. Өйткені олар қыздың 10 ақпанда таңғы 4-те өз өлімімен өлгенін мойындаған. Бірақ қорыққандарынан денесін жасырған.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!