Илья Ильин Қытайдағы Азия чемпионатына қатысады
20-28 сәуір аралығына Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді.
15:38 10.04.2019
Аталған додаға қатысатын спортшылардың тізімі анықталды. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников сары құрлық додасына Илья Ильин мен Жазира Жапарқұл қатысатынын мәлімдеді. Құрлық біріншілігі 2020 жылғы Токио Олимпиадасына ұпай беретін маңызды алты турнирдің қатарына кіреді.
Ерлер арасында сынға түсетін спортшылар:
Арлей Чонтей (55 келі), Фархад Харки (67 келі), Денис Уланов, Нұржан Сәменов (81 келі), Нижат Рахимов (89 келі), Илья Ильин, Рустам Сыбай (96 келі), Александр Зайчиков, Ибрагим Берсанов, Селімхан Абубакиров (109 келі).
Қыздар арасында сынға түсетін спортшылар:
Зүлфия Чиншанло (55 келі), Карина Горичева (64 келі), Екатерина Столяренко, Екатерина Быкова (71 келі), Жазира Жапарқұл (76 келі), Раушан Мешітханова (81 келі), Лариса Кобелева (87 келі), Айзада Мүфтілда (+87 келі).
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!