{metadescription}
Алматыда дәрігерлер жаңа туған сәбиден 1 келі болатын ісікті алып тастады

Алматыда дәрігерлер жаңа туған сәбиден 1 келі болатын ісікті алып тастады

Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі ота жасады.

Дәрігерлер шақалақтың денесіне туабіткен ісікті алып тастады. Ісіктің көлемі аса үлкен, салмағы 1 028 грамм болады. Сегізкөз-құйымшаққа біткен ісікті дәрігерлер жүктіліктің 19-шы аптасында анықтаған. Ісік теріде эрозиялық аумақтардың пайда болуына алып келіп, тік ішекті қысып, қансырау қатерін туғызған. Жоспарлы операция жасау үшін сәбиді перзентханадан бірден Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді.

«Хирургиялық операция бала дүниеге келген соң үш тәуліктен кейін жасалды. Себебі салмағы  3818 грамм болып туған шақалақты алдын ала емге  дайындау керек болды. Ісікті алып тастау отасы 3 сағатқа созылды және еш асқынусыз өтті»,- деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Жаңа туған нәресте 3-ші тәулікте жансақтау бөлімінен неонотология бөліміне анасының қасына ауыстырылып, ерекше күтім алып жатыр. Ғылыми орталық мамандарының айтуынша, бүгінде баланың жағдайы тұрақты.  

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде