{metadescription}
Түркістан облысында 5-сынып оқушысы құдыққа құлаған 2 жасар баланы құтқарды

Түркістан облысында 5-сынып оқушысы құдыққа құлаған 2 жасар баланы құтқарды

5-сынып оқушысы Бекназар Мейрамбек еш ойланбастан, құдықтың ішіне түскен.

Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов мәлімдеді. 2 сәуір күні сағат 19:40-та Жетісайда балалар кішкентай сәбидің канализация құдығына түсіп кеткенін көрген. Құдықта 1 метрдей қалдық су болған. Балалар құлап кеткен сәбиді таба алмаған.

Осы мезетте 2008 жылы туған 5-сынып оқушысы Бекназар Мейрамбек еш ойланбастан, дереу құдықтың ішіне түседі. Лас су мойын тұсына келгеніне қарамастан, суға тұншығып жатқан 2017 жылы туған 2 жасар Бақытбек Сабыржанды көтеріп алып, шұңқырдан шығарған.

Сәби жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы тұрақты. Құтқарушы Бекназар Мұсаұлы Жетісай қаласындағы №2 Шоқан Уәлиханов мектебінің бесінші сынып оқушысы. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы оның сынып жетекшісін арнайы мақтау қағазбен марапаттап, оқушыға  велосипед сыйлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.