Көшеде болған атыстан 2 адам мерт болды
Чикагоның батысындағы көшеде атыс болған.
09:22 11.04.2019
Атыс салдарынан екі адам мерт болып, біреуі жарақаттанды. Бұл туралы сәрсенбіде полицияға сілтеме жасап Chicago Tribune газеті хабарлады. Басылымның мәліметінше, зардап шеккен адам ауыр жағдайда жергілікті ауруханаға жеткізілген.
Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері шұғыл аттанып, тергеу жұмыстарын бастады. Атыстың себеп-салдары әзірге айтылмай отыр. Деректерге сүйенсек, қаза тапқан екеуі 19 жастағы жасөспірімдер. Полиция қызметкерлері оқиға орнында кемінде 30 оқ-дәрі тапты. Қаруланғандар ақ немесе сұр автомобильге отырып, оқиға орынан іздерін суытқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!