Бойжеткен аюға тамақ беремін деп қолынан айрылды
Ресейде бойжеткен тордағы аюларға тамақ беремін деп ауыр жарақат алды.
14:48 11.04.2019
Оқиға дүйсенбі күні «Зеленая» атты демалыс базасында болған. Демалыс саябағының аймағында екі аю бар тор орналасқан. Демалуға келген екі қыз оларды қолдарымен тамақтандырмақ болған. Алайда, кенеттен тордағы аюлардың бірі қызға тап беріп, қолынан тістеп алған. Бойжеткеннің қолы мен бетін қатты жарақаттап, оны ауруханаға алып кеткен.
Қолдарына қатты зақым келгендіктен сол қолын кесіп тастауға тура келіпті. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр. Қазіргі таңда тергеу комитеті болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Дереккөз: Qamshy.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!